Қазақша Русский English
phone

8 (747) 094-72-78 (Қазақстан)

8 (495) 049-39-71 (Ресей)

Қ.Тоқаев: Қазақстанда көптеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өндіруді жолға қою уақыты келді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көптеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өндіруді жолға қоятын уақыт келгенін мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстанда көптеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды өндіруді жолға қоятын уақыт жетті. Біз қай уақытқа дейін импорттық дәрілерге тәуелді боламыз? Біздің намысымыз қайда? ", - деді Тоқаев жұма күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін ескерсек, мемлекеттік органдардың алдына дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті резервін құру міндеті қойылды.

Сондай-ақ, Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа «СК-Фармация» ұйымының қызметін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеруді тапсырды.

Сонымен қатар, Тоқаев барлық өңірлерді дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз етуді және пандемия кезінде медициналық препараттардың жетіспеушілігінен табыс табуға шешім қабылдаған адамдарды қатаң жауапкершілікке тартуды талап етті.

Байланыс